123array(2) { [0]=> string(7) "flowers" [1]=> string(20) "cornus_alba_sibirica" } EcoVid
Дождитесь
загрузки файлов
Заявка, была отправлена!
Мы скоро с вами свяжемся.
Cornus alba "Sibirica"
Дерен белый
Дерен белый ‘Сибирика’ (Cornus alba ‘Sibirica’)- декоративное листопадное растение, которое привлекает к себе внимание и зимой и летом. Ценится за кораллово-красные побеги и красочные листья. Кустарник обладает быстрым темпом роста. Максимальная высота достигает 3 м и такой же диаметр. Крона очень плотная, раскидистой формы. Побеги длинные, прутьевидные, пурпурно-красные. Поэтому и в зимнее время дерен без листьев все равно смотрится красиво. Листья супротивные, широкояйцевидные, до 10 см длиной, темно-зеленые. Осенью куст дерна выглядит очень эффектно, когда листва становится малиново-красной. Этап цветения начинается в мае или июне. Соцветия щитковидные, плоские или слегка выпуклые, диаметром 3,5-5 см, расположены на цветоножке длиной от 2 до 4 см. Цветки окрашены в белый цвет. Плоды похожи на маленькие горошины. Еще одним его преимуществом является абсолютная неприхотливость. Растение хорошо адаптируется к любым условиям. Может расти в полутени, но лучше выбрать солнечный участок. Состав почвы особого значения не имеет. Плохо переносит только очень бедный грунт. Широко используется в городском озеленении, поскольку хорошо переносит загазованность и не требует ухода. Не нуждается в формовочной стрижке, только иногда проводят санитарную обрезку. Старые побеги со временем теряют красный оттенок кроны, поэтому лучше их удалять, чтобы дать толчок к росту новых веток. Дерен белый Сибирика является долгожителем, он может расти и развиваться около 50 лет.

‘Сибирика’ ақ көрікталы (Cornus alba ‘Sibirica’)- өзіне қысы-жазы назар аудартатын сәндік түспежапырақты өсімдік. Қып-қызыл балауса бұтақтары мен көркем жапырақтары үшін бағаланады. Бұтаның өсу қарқыны тез. Ең үлкен биіктігі 3 м дейін жетеді және диаметрі де дәл сондай. Бұтаның ұшар басы өте тығыз, кең жайылған пішінді. Балауса бұтақтары ұзын, шыбық тәріздес, қанқызыл. Сондықтан қысқы уақытта да жапырағы болмағанымен көріктал әдемі көрінеді. Жапырақтары алмасқан-жұп, жалпақ домалақ, ұзындығы 10 см дейін, күңгірт жасыл. Күзде көріктал бұтасының жапырақтары қызыл күрең түске боялған кезде өте әсерлі көрінеді. Гүлдеу кезеңі мамырда немесе маусымда басталады. Гүлшоғырлары қалқанша тәрізді, жалпақ немесе сәл дөңестеу, диаметрі 3,5 – 5 см, ұзындығы 2 – 4 см гүлсабақта орналасқан. Гүлдері ақ түске боялған. Жемістері ұсақ бұршақтарға ұқсас. Оның тағы бір артықшылығы мүлдем күй талғамаушылығы болып табылады. Өсімдік кез келген жағдайларға жақсы бейімделеді. Жартылай көлеңкеде өсе алады, дегенмен күнгей жерді таңдаған жөн. Топырақ құрамы аса маңызды емес. Өте құнарсыз жерді ғана аса көтере алмайды. Кеңінен қалалық көгалдандыруда пайдаланылады, себебі газдалғандықты жақсы көтеріп, күтімді талап етпейді. Пішінін келтіріп қырқуды қажет етпейді, кейде ғана санитариялық кесіп қысқарту өткізіледі. Ескі бұтақтары уақыт өте келе ұшар басының қызыл реңкін жоғалтады, сондықтан жаңа бұтақтардың өсуіне түрткі беру үшін оларды кесіп алып тастаған дұрыс. Сибирика ақ көрікталы ұзақ өмір сүреді, ол шамамен алғанда 50 жылға дейін өсіп-өне алады.

White “Siberian” dogwood (Cornus alba ‘Sibirica’) – a decorative deciduous plant that draws attention both in the summer and in the winter. It is valued for its coral-red shoots and colorful leaves. The shrub grows rather fast. Its maximum length can reach 3 m with the same 3 m in diameter. The crown is quite dense and branchy. The shoots are long, twig-like and purple-red in color. For this reason, dogwood still looks aesthetically pleasing even in the winter. The leaves are subopposite, wide egg-shaped up to 10 cm long and dark green in color. In fall season, the dogwood shrub looks imposing with the leaves turning crimson red. The flowering period begins in May or June. The inflorescences are corymbose, flat and slightly protuberant with a diameter of 3.5 - 5 cm and are located on a 2 – 4 cm long stalk. The flowers are white in color. The fruits resemble small peas. One more advantage to the dogwood is its low demand for maintenance. The plant adapts well to any conditions. It can grow in half-shade, but a sunny patch is better. Soil composition doesn’t play a big role. Only soil that is extremely poor in nutrients can cause issues. Dogwood is widely used in urban beautification as it survives cold and polluted air rather well and does not demand maintenance. The plant does not require trimming, only occasional sanitation pruning. Older shoots lose the red color of the crown over time, so it is better to remove them to stimulate new branch growth. Siberian white dogwood is a perennial and can grow and develop for around 50 years.